Президент Қазақстанның Африка елдерімен ықпалдастықты кеңейтуге айрықша мән беретінін атап өтті.
Мемлекет басшысы Сьерра-Леоне президентінің арнаулы өкілін қабылдады
308
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сьерра-Леоне президентінің арнаулы өкілі – Сыртқы істер министрі Тимоти Муса Кабба екі ел ынтымақтастығының перспективасын талқылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Президент Қазақстанның Африка елдерімен ықпалдастықты кеңейтуге айрықша мән беретінін атап өтті.

Тимоти Муса Кабба арнайы қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Сьерра-Леоне президенті Джулиус Мааданың сәлемін жеткізді.

Әңгімелесу барысында екіжақты қатынастарды дамыту, түрлі саладағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері қарастырылды.