Партияның филиалы мектеп оқушыларына мектепке қажетті құралдармен жабдықталған сөмкелер табыстады.
«AMANAT» партиясының аудандық филиалы мектеп оқушыларына сөмкелер сыйлады
1,232
оқылды

«AMANAT» партиясының БҚО Ақжайық аудандық филиалы «Бақытты отбасы» жобасы аясында өтетін дәстүрлі «Баланы мектепке дайындайық» қайырымдылық акциясыны үн қосып, 40 оқушыға сыйлық жасады, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Бүгін «Чапаев» бастауыш партия ұйымының қолдауымен Чапаев ауылдық округіндегі мектеп оқушыларына мектепке қажетті құралдармен жабдықталған сөмкелер табысталды. 

Шараға партия филиалының төрағасы А.Ермуханов, аудандық мәслихат төрағасы С.Сиражев, бастауыш партия ұйымының төрайымы Т.Сейтжанова, ата-аналар мен ұстаздар қатысты.

Бұған дейін, филиал төрағасы  Артур Орынғалиұлы мен мәслихат төрағасы Сәлімгерей Қалимеденұлы Бударин ауылдық округінде де демеушілік қаржы есебінен алынған осында мектеп сөмкелерін оқушыларға табыстады.

Бударин ауылдық округінде табыстау шарасында сөз алған А.Ермуханов: "Партиямыздың "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясындағы "Баланы мектепке даярлайық" акциясының мақсаты — жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы, жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мектепке дайындалуға көмектесу. Осы орайда демеушілік көрсеткен азаматтарға алғыс білдіремін",  деді.