Бүгін Медеу ауданының «Горный гигант» ықшамауданында жеке тұрғын үйден шыққан өрт көршілес ғимараттың шатырына да таралды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт орнына жедел штаб құрылып, үш жауынгерлік бөлімше ұйымдастырылды. Өрт сөндірушілер судың үздіксіз берілуін қамтамасыз етіп, бірнеше бағыттан жалынды ауыздықтады.
Алдын ала мәлімет бойынша, тілсіз жау 1 000 шаршы метр аумақты шарпыған.
Құтқарушылардың айтуынша, өрттің тез таралуына хабардың кеш берілуі және ғимараттардың тығыз орналасуы себеп болған. Бұл жағдай жалынды ауыздықтауды күрделендірді.
Қазіргі таңда өрт толық сөндірілді.