Кливленд қаласында өткен жартылай финалда Данилина – Крунич дуэті чех теннисшілері Анастасия Децюк / Мириам Шкох жұбын жеңді. Қорытынды есеп – 6:2, 6:4. Кездесу 1 сағат 19 минутқа созылды.
Бұл жеңіс қазақстандық теннисшіге 2025 жылғы алтыншы финал мүмкіндігін сыйлап отыр.
Финалда қазақстандық-сербиялық жұп қытайлық Тайбэйдің Чжань Хаоцин және Қытайдың Синью Янь спортшыларымен кездеседі. Бұл матч турнирдің басты тартыстарының бірі болмақ.
Биылғы маусым Анна үшін табысты өтті. Ол:
- Истборндағы турнирде Мария Боузковамен бірге чемпион атанды;
- Мерида, Лондон және Ноттингемдегі финалдарға шықты;
- Ролан Гаррос (Франция ашық чемпионаты) финалына дейін жетті.
«Бұл маусым өте ерекше. Біз Круничпен бірге үлкен жетістіктерге жеттік, алдағы финалда бар күшімізді саламыз», – деді Данилина матчтан кейін.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.