Елордада «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды. Іс-шараға 3000-ға жуық адам қатысты.
Жәрмеңке – жастар мансабына жол
4,993
оқылды

Бүгінде мыңдаған қазақ­стан­дық жастар жұмыс іздеп жүр. Ал егер жұмысты бір күнде – елор­даның дәл орталығында, еліміздің ондаған ірі жұмыс берушісінің арасынан табуға болатын болса ше? Астанада дәл осылай болды. Е. Рахмадиев атындағы мемлекет­тік академиялық филармония бір күнге мектеп, колледж және жо­ғары оқу орын түлектеріне арнал­ған ауқымды бос жұмыс орын­дары жәрмеңкесі аясында сту­­дент­терді, түлектерді және жұмыс берушілерді біріктіретін ірі ман­сап алаңына айналды. Жастар ұлттық компаниялардан бастап, өнеркәсіптік кәсіпорындарға дейінгі 70-тен астам компания­ның өкілдерімен бетпе-бет сөй­лесті. Олар жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы біліп, алғашқы сұхбаттан өтті.

«AMANAT» партиясының Ат­қарушы хатшысы Дәулет Кәрібек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария­лаған Жұмысшы мамандықтары жылы осындай іс-шаралар ұйым­дастырудың мәні мен маңызын атап өтті. Бұл шешім қоғам игілігі жолында адал жұмыс істеп жүрген жандарды қолдауға арналған.

«Бүгінде жұмысшы маман­дықтар – тұрақтылық пен жоғары сұраныс қана емес, сонымен қа­тар лайықты жалақы, сый-құр­мет және мансап жолында жоғарылау мүмкіндігі. Жастар экономи­ка­ның осы секторына бет бұрып, ел ертеңі еңбекпен байланысты екен­ін түсіне бастады. Бұл – өте маңызды. Біздің бос жұмыс орын­дары жәрмеңкелеріміз жас­тарға өмірде өз орнын, ал жұмыс беру­шілерге лайықты маман табуына көмектеседі. Жас азамат­тар үшін тек жұмыс табу ғана емес, сонымен қатар олардың еңбегі бағалана­тынын, өсу мен даму мүмкіндігі бар екенін сезіну маңызды. Сон­дықтан «AMANAT» партиясы әр түлек өмірде өз орнын тауып, ман­сап жолын бастай алатын бастамаларды жүзеге асыруда», – деді ол.

Астанадан бөлек, «Жастар Рухының» бастамасымен еліміз­дің барлық облыс орталығында осындай жәрмеңкелер өтуде. Оларға кем дегенде 50 мың қазақ­стандық жас азамат келеді деп жоспарлануда. Бос жұмыс орын­дары жәрмеңкелері «бір терезе» қағи­даты бойынша өтуде: жұмыс іздеп жүрген жастар компания­лар­дың ұсыныстарымен танысып қана қоймай, жастарға қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдар­ламалары бойынша анықтама ала алады. Соның ішінде жастар практикасынан бастап, оқыту және өз ісін ашуға дейінгі қол­даулар бар. 

«Мен колледжді «электро­монтер» мамандығы бойынша тәмамдап, ұзақ уақыт лайықты жұмыс іздедім. Бүгін осы жәр­меңкеде бірнеше компания өкілі­мен сөйлесіп, сұхбатқа шақыру алдым. Бұл еңбек етуге ынта­ландырады. Себебі нақты мүм­кіндіктерді көріп отырмын. Жұ­мыс беруші сізді таңдамайды, керісінше сіз бос жұмыс орын­дары­ның арасынан өзіңізге қол­ай­лысын таңдайсыз», – деді жәр­меңкеге қатысқан Айдар Кенжебаев.

Сондай-ақ жәрмеңке аясында Отбасы банк өкілдері ипотека ресімдеуге ниетті азаматтарға кеңес беріп, Астана қаласы әкім­дігінің өкілдері NEET сана­тын­дағы жастарды жұмыспен қа­мтуға жәрдемдесу бойынша Joltap жобасын ұсынды. Ал елор­дадағы Еңбек ұтқырлығы орталығының қызметкерлері тү­лектерге арнал­ған «Алғашқы жұ­мыс орны» және «Жастар прак­ти­касы» жобалары туралы ха­бар­дар етті. Сонымен қатар жәрмеңкеге келген азамат­тарға еліміздің өзге өңірлеріне көшіп бару мүмкіндігі туралы мәлімет ұсын­ылды.

«Ертіс өңірі – өнеркәсіп айма­ғы. Бізде бос жұмыс орын­дары өте көп. Жуырда Астана қа­ласы да халық арасында «оңтүс­тіктен солтүстікке» деп аталатын ерікті түрде қоныс аудару бағ­дар­ламасына шығу өңірі ретінде енді. Осы бағдарлама шеңберінде мін­детті түрде мемлекеттік қолдау шара­лары қарастырылған. Мәсе­лен, көшуге арналған субсидия. Көшіп барған отбасының әр мүше­сіне жыл бойы тұрғын үй жал­дау өтемақысы төленеді. Бұ­ған қоса, экономикалық ұтқыр­лық сертификаты беріледі. Яғни, тұрғын үй сатып алу кезінде мем­лекет баспана құнының 50%-ын жа­бады», – деді Павлодар облы­сын­дағы Еңбек ұтқырлығы орта­лығы директорының орынбасары Қазбек Жомартов.

Сондай-ақ жәрмеңкеде «Таза Қазақстан» арнайы орны жұмыс істеді. Онда қайта өңдеу мақсат­ында пластик жиналып, жасыл технологиялар туралы мәлімет берілді. Мұндай орын – ел ертең­іне деген қамқорлық тек жастар­ды жұмыспен қамту ғана емес, соны­мен қатар экологиялық мәде­ниетті қалыптастыру екенін көрсетті.

«AMANAT» партиясы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Жастарға жұ­мыс» жобасы өз тиімділігін дәл­ел­деді. Мәселен, кейінгі екі жыл­да 150 мыңға жуық жас азамат қамтылған 1,5 мыңнан астам іс-шара өткізілді. 200-ге жуық бос жұмыс орындары жәр­мең­кесі ұйымдастырылды, оған 5,2 мың­нан астам ұйым қатысты, 55 мың­нан астам жас азамат жұ­мысқа орналастырылды. Шалғай­дағы елді мекендерді қамту мақ­сатында «Жастар Рухы­ның» мобильді топтары 150-ден астам ауылға барып, 55 мың адамға әлеуметтік-еңбек мәселе­лері бойынша кеңес берді.

Осылайша, «AMANAT» пар­тия­сының бастамасы Мемлекет басшысы өз сайлауалды бағдар­ламасында алға қойған страте­гиялық мақсатты жүзеге асыру­дың бір бөлігіне айналуда: 2029 жылға қарай кемінде 2,3 млн жас азаматты жұмыспен қамту.

Елнар ЕЛТАЙ