Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фрак­циясы­­­ның мүшесі Никита Ша­талов Абай қаласында қатт­ы тұр­мыстық қалдықтар поли­го­нының құры­лыс жұмысы бары­сымен танысты.
Полигонның құрылысымен танысты
4,687
оқылды

Бүгінде полигон құрылысының 90 пайызы аяқтал­ған, биыл қыр­күйек айында пай­далануға бері­леді деп жоспар­ланып отыр. Пар­тияның сай­лауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан жаңа нысан Қарағанды облысындағы эколо­гия мәселесін шешуге бағыт­­тал­ған. 

Абай қаласындағы полигон әкімшілік ғимараты, медици­налық пункті және қызмет­кер­лер­ге қажет барлық инфра­құ­ры­лымы бар толыққанды кешен рет­інде салынып жатыр. Мұнда қуат­­т­ыл­ы­ғы жылына 15 мың тон­­на бола­тын қалдықтарды сұ­рып­­тау желісі жұмыс істейді. Плас­­тикті қайта өңдеуге арнал­ған пресс-станоктар мен жаб­дық­­тар қарастырылуда. Шикі­зат­ты уа­қытша сақтауға ар­нал­ған алаңдар мен қалдық­тарды көмуге негіз­делген тран­шея­лар бар, сондай-ақ нөмір бе­кіту жүйесі бар электрон­ды авт­омобиль та­ра­зылары орна­тылған.

Нысанды қалдықтарды жи­нау, сұрыптау және қайта өңдеу жұ­мысымен айналысатын ар­найы кәсіпорын пайдаланады. Абай ауданында жаңа жұмыс орындары ашылады. Тұрғын­дардың эко­логиялық қауіпсіз­дігіне кепілдік беріліп, қоршаған ортаның жай-күйіне заманауи бақылау жасала­ды.

Никита Шаталовтың айту­ынша,  полигон құрылысы – Мем­­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа эко­­ло­­гия­лық мәдениетті қалыптас­тыру және заманауи өңдеу тех­ноло­гия­ларын енгізу бойынша берген тапсырмаларын жүзеге асыру­дың жарқын дәлелі.

– Қатты тұрмыстық қалдық­тарға арналған заманауи полигон салу экологиялық жағдайды ед­әуір жақсартуға, озық өңдеу тех­нологияларын енгізуге және қос­ымша жұмыс орындарын ашу­ға мүмкіндік береді. Бұл – өңірді дамыту және тұрғын­дардың тұр­мысын жақсарту ісіне қосылған үлкен үлес. Осындай жобалар біз үшін аса маңызды. Бұл –  сайлау­шыларға берген уәдеміз орын­далып жатқанының нақты көрі­нісі, – деді депутат. 

Бұдан басқа, «AMANAT» пар­тиясының сайлауалды бағ­дар­ла­масы аясында Қарағандыда қатты тұрмыстық қалдықтарды энер­ге­тикалық кәдеге жарататын зауыт құрылысы көзделген. Ал облыс аумағында 2027 жылға дей­ін сұрыптау желісі бар тағы 6 қат­ты тұрмыстық қалдықтар поли­гон­ын салу жоспарланып отыр.

Елнар ЕЛТАЙ