«Қайрат» футбол клубының бас бапкері «Селтикке» қарсы ойында Дастан Сәтпаевты неге ауыстырмағанын айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz
«Спорт Шредингера» Telegram арнасының мәліметінше, егер футболшыны ауыстырса, ойын есебіне қауіп төнуі мүмкін еді.
Біз де осы тақырыпта сөйлескенбіз. Егер Дастанды ауыстырсақ, онда қайта құрулар болар еді. Дастан қарсыластың жасап жүрген қимылдарын түсініп қойған. Біз ауыстырсақ, жағдай қиындап кетеді деп қорықтық.
Өте ауыр матч болды. Мұндай ойынға кіру оңай емес. Соңына дейін барлық жігіттерді ұстап шықтық, өйткені барлығы жақсы ойап жүрді. Олар біз сұраған жұмысты орындап тұрды. Тек шектен тыс жағдайда ғана, ойыншы мүлде қозғала алмай қалған кезде, тапсырманы орындай алмай қалған кезде ғана ауыстыруға бардық.
Иә, жауапты матчта онсыз қалатынымыз өкінішті. Шынымды айтсам, ақымақтау ескерту болды. Не істейсің? Бір амалын қарастырамыз енді, – деді Рафаэль Уразбахтин.