Видео астындағы пікірлерден-ақ тұрғындардың ашуы мен жиіркенішін байқауға болады.
«Самсаның ішінен тышқан шықты»: Алматыда сұмдық жағдай болды
Коллаж: sn.kz
2,257
оқылды

Алматыда түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде үлкен дау тудырды. Кадрларда көшеде сатылып жатқан самсаның ішінде тірі тышқанның жүргені анық көрінеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Видео астындағы пікірлерден-ақ тұрғындардың ашуы мен жиіркенішін байқауға болады. Куәгерлердің айтуынша, мұндай жағдайлар қоғамдық тамақтану орындарында жиілеп кеткен.

Пікір қалдырғандардың бірі: «Көшедегі самсалардың 80 пайызы гигиенаға сай емес. Тазалықтан гөрі оларға ақша маңыздырақ», – деп жазса, тағы бірі: «Осы жердің тұрақты клиенті сияқты жеп жатыр», – деп келеке қылды.

Желі қолданушылары санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарын дереу шара қолдануға шақырып жатыр. Олар мұндай орындарда тексерісті күшейтіп, халықтың денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларға жол бермеуді талап етуде.

Сарапшылардың айтуынша, бақылаудың әлсіздігі тамақтан улану мен түрлі індеттердің таралуына себеп болуы мүмкін.