Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекет басшылары Бірлескен мәлімдеме қабылдады

Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысы өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан мемлекеттері басшыларының Бірлескен мәлімдемесі қабылданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесі жетінші отырысының шешімдеріне қол қойды. 

Ресми делегация мүшелері екіжақты тауар айналымын 2030 жылға қарай 3 миллиард долларға дейін ұлғайту бойынша Жол картасы және басқа да үкіметаралық, ведомствоаралық құжаттармен алмасты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.