Әкімдіктер мен мемлекеттік органдардан берілген бұрынғы тізімдерде сәйкессіздіктер болғандықтан, біраз уақыт деректер дұрыс көрсетілмеген. Қазір мәліметтер түзетіліп, өзекті нұсқасы қолжетімді.
Тұрғын үй кезегі өзгерді: Отбасы банк жаңа ережелерді түсіндірді
3,475
оқылды

Қазақстанда тұрғын үй кезегіне тұру және оның жүргізілу тәртібі өзгерді. Отбасы банк жаңартылған ережелерді түсіндіріп, кезектегі азаматтардың өз мәртебесін қалай білуге болатынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жаңартылған тізім

2025 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша, тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың тізімі жаңартылып, жарияланды. 24 мамырдан бастап барлық жаңа өтініштер тек Отбасы банк арқылы қабылданатынын ескеру қажет.

Ескі деректердегі қателіктер

Әкімдіктер мен мемлекеттік органдардан берілген бұрынғы тізімдерде сәйкессіздіктер болғандықтан, біраз уақыт деректер дұрыс көрсетілмеген. Қазір мәліметтер түзетіліп, өзекті нұсқасы қолжетімді.

Өз кезегіңізді қалай тексеруге болады?

Кезектегі орныңызды және мәртебеңізді екі жолмен білуге болады:

  1. hcsbk.kz сайтында:

    • «Қолжетімді тұрғын үй» бөліміне кіріңіз;

    • «Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың тізімі» деген бөлімнен өңірді таңдаңыз.

    • Компьютерден ашқан дұрыс, себебі телефоннан толық көрсетілмеуі мүмкін.

  2. orken.otbasybank.kz порталында:

    • ЭЦП (электронды қолтаңба) арқылы кіріңіз;

    • «Өз мәртебеңді білу» батырмасын басыңыз.

    • Жүйе сіздің тіркелу мерзіміңізді («кезекке қойылған күн») және категорияңызды көрсетеді.

Неге кезек нөмірі жойылды?

Бұрын әр азаматқа нақты рет саны берілетін. 2025 жылғы 24 мамырдан бастап заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес мұндай нөмір алынып тасталды. Енді кезекке тұру тек тіркелген күні мен табыс деңгейіне қарай реттеледі.

Кімдер тіркеле алады?

Тұрғын үй кезегіне мына азаматтар тұра алады:

  • Кәмелетке толған Қазақстан азаматтары;

  • Соңғы 5 жылда өз атына тұрғын үйі болмағандар;

  • Немесе жалғыз баспанасы апатты деп танылғандар.

Қалай тіркелуге болады?

  1. orken.otbasybank.kz сайтына ЭЦП арқылы кіріңіз;

  2. Өтініш толтырып жіберіңіз;

  3. 1414 нөмірінен келген SMS арқылы келісімді растаңыз.

Қызмет тәулік бойы қолжетімді, ал өтінішті қарау уақыты  бір жұмыс күні.