Абай облысының Үржар ауданынан жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі баланы жеткізу үшін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының (ҰШМҮО) санитариялық авиация борты Астана қаласына ұшып шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Пациенттерді Астана қаласындағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына емдеуге жатқызу туралы шешім қабылданды.
Бортта балаларға медициналық көмек көрсету үшін ҰШМҮО реаниматологы Е.Шақан, Астана қаласының №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының травматологы Н.Жакипов және Ұлттық нейрохирургия орталығының (ҰНХО) нейрохирургы С.Сейтбеков дәрігерлер бригадасы құрамы қалыптастырылды.
Оқиға орнында бірден аудандық ауруханада облыстық және республикалық деңгейдегі мамандардан құрылған мультитәртіптік бригада толық диагностикалық зерттеу жүргізіп, зардап шеккендердің жағдайына бағалады және жедел емдеу жоспарын жасады.
Бала жағдайының тұрақсыздығы ескеріле отырып, пациенттердің бірі – тоғыз жасар қыз бала Абай облысының бас штаттан тыс анестезиолог-реаниматологы Д.Каримовтың бақылауымен жағдайы тұрақталғанға дейін стационарда қалдырылды.