Жұмысшы мамандықтары жылы: әртүрлі саладан 70-тен астам жұмыс беруші 1 000-нан аса өзекті бос жұмыс орнын ұсынады.
Астанада елдегі ең ірі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Фото: istockphoto.com
1,704
оқылды

Елордада Жұмысшы мамандықтары жылы аясында 22 тамызда жастарға арналған еліміздегі ең ірі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне   сілтеме жасап.

Іс-шараны «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанаты елорда әкімдігімен бірлесіп ұйымдастыруда. Негізгі мақсат – мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі – жастарды лайықты жұмыспен қамту және адами капиталды дамыту.

Жәрмеңке 22 тамыз күні Кенесары көшесі, 32 мекенжайында орналасқан елордалық Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония ғимаратында өтеді.

Бұл жәрмеңке жастар мен бизнес арасындағы тікелей диалог алаңына айналып, жас мамандарға экономиканың нақты секторында өзін көрсетуге мүмкіндік береді.

Қатысушылардың қатарында еліміздің жетекші ұлттық компаниялары бар:  KEGOC  АҚ, «Қазақтелеком» АҚ,  DAR RAIL ЖШС,  Home Credit Bank  АҚ,  IntegraConstruction KZ ЖШС, «Қазмедиа орталығы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Қазпошта» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, Astana Hub және басқа да ірі ұйымдар.

Жәрмеңкенің өтуі жүздеген жас қазақстандықты жұмыспен қамтуға ғана емес, сонымен қатар жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыруға және ел экономикасын нығайтуға қуатты серпін береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.