Ілияс Сариев пен Ақтоты Дүйсееваның соты 22 тамыз басталады.
«Сені хит қыламын» деп ақша алды»: Ілияс Сариевке қатысты тағы бір дерек шықты
Фото: instagram.com/qazaq_robin_hood
801
оқылды

Қайырымдылықпен айналысып, істі болған Ілияс Сариевке қатысты тағы бір дерек шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Оған алданып қалған адам журналист Руслан Өтепбайға хабарласып, мән-жайды жеткізді. Айтуынша, Ілияс Сариев әлгі адамды танымал ету үшін қаржысын алып, хабарсыз кеткен.

«Таяуда жұмыс нөміріме Қуат есімді азамат хабарласты. Сөзіне сенсек, ол осыдан жарты жыл бұрын Ілияс Сариевке (бостандықта жүрген кезінде) 780 мың теңге берген. Ал Ілияс Қуатты белгілі бір медиа жобаларға қатыстырып, әлеуметтік желіде қолдаймын деп уәде еткен көрінеді. Ақыр соңында «ақшаны алған Ілияс хабарсыз кетті» дейді Қуат», - деп жазды журналист.

Айта кетейік, Ілияс Сариев пен Ақтоты Дүйсееваның соты 22 тамызда басталады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Руслан Есмагамбетов (@ruslan_utepbai)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.