Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерболат Сатыбалдин Ұлытау облысында Төтенше жағдайлар департаментінің инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын тексерді.
Төтенше жағдайлар қызметі күшейтіледі
4,208
оқылды

Сапар барысында халық қалаулысы Ұлытау облысы Жезқазған қаласында­ғы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлі­мі­не барып, жеке құраммен кездесті. Өрт сөндірушілердің жабдықталуы мен жұмыс жағдайымен танысып, қыз­мет­керлер­дің ұсыныстарын тыңдады. Сон­дай-ақ кез­де­су барысында қызметкерлер­дің кәсі­би даярлығын арттыру және қауіпсіз­дік талаптарын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Іс-сапар аясында Ерболат Сатыбалдин Жезқазған қаласында салынып жатқан жаңа өрт депосының құрылыс барысымен де танысты. Ол мердігер ұйым өкілдерімен құрылыс жұмыстарының сапасы мен жоспарға сай уақытылы аяқталуын тал­қылап, атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныс­тарын айтты. 

«Жаңа өрт депосының құрылысы төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырады және қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Материалдық-техникалық база бойынша әлі де жетілдіруді қажет ететін тұстар бар. Осы мәселе бойынша тиісті ұсыныстар әзірленеді. Бұл жобаның уақытылы әрі сапалы жүзеге асуы біздің бақылауымызда болады», – деді Ерболат Сатыбалдин.

Іс-сапар нәтижесінде төтенше жағдайлар қызметінің материалдық-техникалық мүмкіндіктерін күшейту, инфрақұрылымды жаңарту және қызмет сапасын арттыруға қатысты бірқатар ұсыныстар әзірленді. Аталған жұмыстардың орындалуы мен бақылау шараларын қамтамасыз ету «AMANAT» партиясының басты назарында болады.

 Мейір ЖАСЫН