Cиноптиктер 19 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ түседі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 19 тамызда күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады.
Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 19 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі бар. Алматыда 19 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта да 19 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ түседі, дауыл тұрады. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың шығысында кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 19 тамызда күндіз найзағай ойнап, жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 19 тамызда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 19 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 19 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда төтенше өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Оралда 19 тамызда күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Павлодарда түнде найзағай ойнайды.
Түнде және күндіз Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 19 тамызда күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Өскеменде 19 тамызда найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі. Оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 19-21 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда 19 тамызда күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с болады.
Астана қаласында 19 тамызда найзағай ойнап, күн райы бұзылады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.