Өрт толығымен сөндірілді.
Қарағандыда 5 қабатты үйде өрт шығып, 15 адам эвакуацияланды
Видеодан скриншот
598
оқылды

Қарағанды қаласының Ә.Бөкейхан атындағы ауданындағы "Восток" ықшамауданында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде жиһаз өртенді.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері баспалдақ арқылы 15 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Сонымен қатар екі адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен шығарылды.

Өрт сөндірушілердің күшімен өрт шағын аумақта толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған хабарламада.