Қазақстанда шілде айында ресми дилерлер 20 165 дана жаңа автокөлік сатты.
Chevrolet, Hyundai және Kia  – Қазақстанда ең көп сатылған көліктер
Фото: istockphoto.com
1,052
оқылды

Бұл өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 10,6%-ға көп.

Шілде айындағы сату рейтингінің топ үштігі:

 

Chevrolet Cobalt – 4 048 дана;

Hyundai Tucson – 3 713 дана;

Kia Sportage – 2 170 дана.

Маусым айында Chevrolet Cobalt 3 417, Hyundai Tucson 1 211 және Kia Sportage 955 дана сатылған. Өткен жылдың маусым айымен салыстыратын болсақ, Cobalt сатылымы шамамен 2 есе өскен, ал Tucson-да төмендеу бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.