«AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалының ғимаратында Халықаралық жастар күніне және Жұмысшы кәсіптер жылына орай ұйымдастырылған Enbek Way зияткерлік ойыны өтті.
Enbek Way зияткерлік ойыны өтті
5,212
оқылды

Ойынға облыстағы ірі өнді­ріс орындарының 75-тен астам жұмысшы мамандығының өкіл­дері қатысты. Әрбір команда өз кәсіпорнын таныстырып, 6 ке­зеңнен тұратын Quiz-ойында бақ сынады. 

Сұрақтар жалпы эруди­ция­мен қатар жұмысшы маман­дық­тарының ерекшеліктеріне де қа­тысты болды. Бұл қатысушы­ларға өз білімін көрсетіп қана қоймай, жаңа мағлұматтар алуға да мүмкіндік берді.

Қатысушылардың барынша белсенділігі мен қолдау топта­рының ерекше дайындығы ойын­ға мерекелік көңіл күй мен нағыз жарыс атмосферасын сыйлады.

Жеңімпаздар мен жүлде­гер­лер серіктестер ұсынған бағалы сыйлықтармен және серти­фи­каттармен марапатталды. 

«Бүгін біз Жастар күнін за­манауи, ерекше әрі белсенді түр­де атап өтуді жөн көрдік. Бұл жолы жұмысшы мамандық­та­рының өкілдері қатысып, ко­ман­далық рухты күшейтетін, әріптестердің бір-бірін жұмыс орнынан тыс жерде жақынырақ танып-білуіне мүмкіндік беретін іс-шара ұйымдастырдық. Со­ны­мен қатар арнайы таңдалған сый­лықтар да командаларды бі­ріктіре түсетініне сенімді­міз», – деп бөлісті шара ұйым­дас­тырушысы Зият Сәдуақасов.

Шара жастар арасында жұ­мысшы кәсіптерін насихаттауға, корпоративтік мәдениетті ны­ғайтуға және жас мамандардың зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған бастамалар серия­сының бір бөлігі болды.

Ұйымдастырушылар қаты­сушылар мен серіктестерге бел­сенділік пен қолдау білдіріп, өңір­дегі жастар саясатының да­муына қосқан үлесі үшін ал­ғыс айтты.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы