30 тамызда атап өтілетін Конституция күні биыл сенбіге түсіп тұр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Осыған байланысты демалыс 1 қыркүйек, дүйсенбіде беріледі.
Бес күндік жұмыс аптасындағыларға 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек демалыс болса, алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 30, 31 тамыз демалыс.
Сонымен қатар биыл 25 қазан – Республика күні сенбіге сәйкес келіп тұр.Сондықтан бес күндік жұмыс аптасындағыларға 25, 26, 27 қазан демалыс болса, алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 25, 26 қазан демалыс, 27 қазан жұмыс күні болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.