Бүгін таңға жуық Шымкент қаласындағы Абай аудандық әкімдігінің ғимаратынан өрт шыққан.
Шымкентте әкімдік өртенді
Фото: Шымкент ТЖД
5,350
оқылды

14 тамыз күні түнгі сағат 03:19-да Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Тәуке хан даңғылы №3 мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимаратта өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми парақшасына сілтеме жасап.

Ғимараттың шатыры жанып, өрттің жалпы көлемі 1200 шаршы метрді құраған.

Өрт сағат 04:58-де оқшауланып, 05:27-де толығымен сөндірілді.

Өртте зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД-ның 21 техникасы және 88 қызметкері, Апаттар медицинасы орталығынан 1 техника мен 3 маман, жергілікті атқарушы органнан 2 техника мен 2 қызметкер жұмылдырылды, – делінген Департаменттің хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.