Алматыда қураған ағаштың жуан бұтағы құлап, 27 жастағы келіншек қайтыс болды. Марқұм жаяу жүргіншілер жолында кетіп бара жатқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Қарасай батыр мен Әди Шәріпов көшесінің қиылысында болған. Сол маңдағы бір мекемеде есепші болып жұмыс істеген келіншек құрбысы екеуі түскі астан шығып, ағаштың ауыр бұтағының астында қалады. Құрбысы сықырлаған дауысты естіп қашып үлгерген екен. Қайтыс болған келіншектің отбасы, бір баласы бар.
Осы жағдай бойынша Алмалы ауданының Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
– Құрбысы екеуі бірге келе жатқан. Ол алдыға қарай жүгіріп үлгеріпті. Ауыр ағаш туысымның басына құлаған. Өте өкінішті. Жап-жас, отбасы, бір баласы бар еді. Осылай болады деп ешқашан ойламайсың ғой, – дейді марқұмның туысы Тарас Кондратенко.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.