Бұған дейін Путин мен Трамптың кездесуі 15 тамызда Аляскада өтетіні хабарланған еді.
Трамп Путинмен кездесу үшін Ресейге баратынын мәлімдеді
PAP/EPA/YURI GRIPAS / POOL/SERGEY BOBYLEV / SPUTNIK / KREMLIN POOL
2,069
оқылды

АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні Ресейге баратынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Трамп бұл туралы Вашингтонда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Жақын арада Путинмен кездесемін, жұма күні Ресейге барамын», – деді Трамп мінберден.

АҚШ президенті өзге мәліметтерді жарияламады. Ақ үй де әзірге бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Путин мен Трамптың кездесуі 15 тамызда Аляскада өтетіні хабарланған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.