Синоптиктер ауа райы болжамын жасап, дауыл туралы ескертті.
Қазақстан бойынша 11–13 тамыз күндері дауылды ескерту жарияланды
Фото: gov.kz
2,308
оқылды

Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шаралары туралы ескертті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

2025 жылғы 11–13 тамыз аралығына арналған Қазақстан бойынша дауылды ескерту: 

оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде +41°С-қа дейін қатты ыстық күтіледі;

елдің көп бөлігінде өрт қауіптілігі өте жоғары;

кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауылдар тұрады;

солтүстік пен орталықта түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

Сақ болыңыз: ыстықтан аулақ болыңыз, от шығармаңыз, болжамдарды қадағалаңыз!, - делінген министрліктің хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.