Расул Ассанханов 90 келіге дейінгі салмақтың финалында үндістандық Хемант Сангванды жеңіп, алтын жүлдегер атанды.
«2 алтын, 5 күміс, 6 қола»: Бокстан жастар құрамасы тарихи нәтижеге қол жеткізді
Қазақстан бокс федерациясы
1,210
оқылды

Бангкокта (Таиланд) жастар арасындағы (U19) бокстан Азия чемпионаты аяқталды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Турнир жеңімпазы атанған Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) шешуші жекпе-жекте үндістандық Критика Васанды ұтты.

Аяжан Ермек ел қоржынына күміс медаль салды. Ол 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында үндістандық Мусканға есе жіберді.

Үшінші орынға Айым Танкибаева (51 келіге дейін), Жанель Имантаева (54 келіге дейін), Алина Құдайгенова (60 келіге дейін), Ақбота Есімбекова (65 келіге дейін) және Сабина Жақсылық (80 келіден жоғары) ие болды.

Ал ерлер арасында Расул Ассанханов 90 келіге дейінгі салмақтың финалында үндістандық Хемант Сангванды жеңіп, алтын жүлдегер атанды.

60 келіге дейінгі салмақта Әділет Тортубек финалда Иран өкілі Али Чигриханиге жол берді.

70 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында жұдырықтасқан Бибарыс Әшірбай өзбекстандық Абдулазиз Журакуловка есе жіберді.

80 келіге дейінгі салмақта Тимур Тайбеков Өзбекстан өкілі Норбек Абдуллаевтан жеңіліп қалды.

85 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Нұрсұлтан Қыстаубай финалда Самир Сабировқа (Өзбекстан) жол берді.

Осылайша, U19 санатында Қазақстан құрамасының қоржынында бір алтын, төрт күміс және бір қола медаль бар. Бұған дейін 75 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Шілдебай қола иеленген болатын.