Адамды адам еткен еңбек десек, әлемді өркениетті ет­кен – құрылыс.
Құрылыс – ел дамуының локомотиві
5,809
оқылды

Алғашқы пенде үңгірден шығып, от­басы тұратын бастапқы баспананы салу арқылы қазір біз білетін өркениетке нық қадам жасады. Ендеше құ­ры­лыс – адамзатты биік мұраттарға жетелеп, жаңа ке­мел­дікке жеткізетін феномен. Бір топ құрылысшы ту­дырған игілік миллиондарға қызмет етеді. Жаңа құ­рылыспен бірге тың идея­лар, батыл бастамалар, өр­шіл жо­балар өмірге жолдама алады. Мемлекеттің іргесін қа­лаушы, елдің құт-ырысын еселеуші осы кәсіп иелері 10 тамызда төл мерекелерін атап өтеді. 

Өркениеттің «қарлығаштары»

Қазақстанда жыл сайын та­мыз айының екінші жексен­бісін­де «Құрылысшылар күні» мере­ке­ленеді. Биыл бұл дата 10 та­­­мызға тұспа-тұс келеді. Сонау 1998 жылы қабылданған Пре­зидент Жарлығы осынау кәсіби мей­рамның биік мәртебесін куә­ландырды. Тиісінше, ол мем­ле­кет­тің кәсіби мерекелерінің рес­ми тізбесіне енгізілді. Осы ар­қы­лы ел құрылысшылардың абыройлы еңбегіне лайықты құрмет көр­се­теді. 

Құрылысшылар мейрамы бі­рін­ші рет Кеңес кезінде, 1956 жыл­ғы тамызда атап өтілген екен. Сол арқылы Екінші Дүниежүзілік со­ғыста қираған мемлекетті тез қал­пына келтірген құрылыс­шы­лар­ға сый-сияпат жасалды. Құ­ры­лысшылар қауымы қарыз бо­лып қалмады – сенімді ерен ер­­­лікке бара-бара екпінді ең­бе­гі­мен өтеді, елде «құрылыс дүмпуі» бас­талды. Сол заманда бой кө­тер­ген тұрғын үй қоры, біраз ин­дуст­рия­лық жоба, өнеркәсіптік кә­сіпорындар мен инфрақұрылым объектілері әлі күнге тәуелсіз Қа­­­зақстанға қызмет ету үстінде.  

Құрылысшылар егемен Қа­зақ­стан Республикасының қа­лып­­тасып, нығаюына да өлшеусіз үлес қосты. Жаңа Астананы сал­ды, кеңестік үлгіде қалған өзге қа­лаларымызды жаңа уақыт пен за­манауи сәулетке сай түлетті. Ин­дустрияландыру бағдарла­ма­ла­рын іске асырды, жаңа зауыт-фаб­рика, теміржол мен автожол, әлеу­меттік-инфрақұрылымдық ны­сандарды ел игілігіне тап­сыр­ды. Сөйтіп, мемлекеттің тоқ­са­нын­­шы жылдардағы тоқырау мен кейін келіп соққан эко­но­ми­ка­лық-қаржылық дағдарысты ең­се­ріп, дамудың тұрақты жолына тү­суіне ықпал етті. 

«Күйзелістен құтылу үшін құ­ры­лыс сал» деген бар. Құрылыс са­ласының еңсе көтеруімен бірге оның соңынан тізбек бойынша өз­ге өндірістер бой тіктеді, сер­пін­ді өсім жолына шықты. Мың­да­ған жұмыс орны ашыл­ды. Ең маңыз­дысы – ауыл мен қалада қар­қынды жүрген құрылыс хал­қы­мыздың өзіне деген сені­­мін ны­­ғайтып, темірбетондай оп­ти­мизм қалыптастырып, жарқын бо­лашаққа қанаттандырды. Про­жекторлары, дәнекерлеу жарық­тары бірыңғай шапақ болып құйы­лып, түн түнегін тіліп, күн­діз­гідей жарық қылған ауқымды құ­рылыс алаңдары, Ұлы дала тө­­­сінде солқылдата соғылған құ­ры­лыстың «балғасы» қазақ елінің жаңа­руы­ның, азат Қазақ­станның өрлеуінің шы­найы рәмізіне ай­нал­ды. 

Экономика өсімінің драйвері

Ел экономикасының базалық 6 саласының бірі әрі іргелісі са­на­латын құрылыс секторының да­му қарқыны экономиканың жал­пы өсімінен әрдайым дерлік жо­ғары. Мәселен, Қазақстанның ЖІӨ-сі биылғы бірінші жар­ты­жылдықта 6,2%-ға ұлғайды. Ал Ұлт­тық статистика бюросының де­регі бойынша, осы жарты­жыл­дықта құрылыс жұмыстарының кө­лемі бірден 18,4% артты және 3,3 триллион теңгені құрады. 

Көрсеткіштің жоғарылауы был­­­тырғы ұқсас мерзімге қара­ған­да нысандар құрылысы мен жөндеу жұмыстарының 29,2%-ға, тұрғын үйлерді салу көлемінің 15,8%-ға өсуімен байланысты. Құры­лыс жұмыстары көлемінің нақ­ты көлем индексі 2024 жылы 108,1 пайызды құраса, осы жылғы алғашқы жартыжылдық қоры­тын­дысында бұл өсім 118,4 пайыз­дан асты.  

– 2025 жылғы қаңтар-мау­сым­да орындалған құрылыс жұ­мыс­тары мен қызмет түрлері ара­сында ең көп үлеске тұрғын емес ғимараттардың құрылысы (22%), автомобиль жолы, темір­жол, метро құрылысы (21,8%) жә­не тұрғын үйлер құрылысы (14,2%) ие. Республикада жыл ба­­­сынан жүзеге асырылған бар­лық құрылыс жұмысының 92,7%-ын жеке құрылыс компаниялары орын­дады. Қалған 6,6%-ы – шет­елдік ұйымдарға, 0,7%-ы – мем­лекеттік ұйымдарға тиесілі, – деп хабарлады ұлттық статорган. 

Өңірлік бөліністе Атырау өңі­рі­нен басқа республиканың 19 өңі­рінде құрылыс жұмыстарының кө­лемі күрт ұлғайды. Салмақты өсім – Ақмола (54,9%), Қостанай (50,6%), Қызылорда (44,5%), Ба­тыс Қазақстан (39,4%), Жетісу (37,1%), Алматы (30,6%), Маң­ғыстау (29,9%), Солтүстік Қазақ­стан (26,7%), Түркістан (25,1%), Қа­рағанды (22,5%), Ақтөбе (21,8%) облыстарының және Ал­ма­ты (33,6%), Астана (33,6%) жә­не Шымкент (20,2%) қала­лары­ның еншісінде. 

– Қазақстанда 2025 жылғы қаң­тар-маусымда жалпы алаңы 11 миллион 81,7 мың шаршы метр жаңа объекті пайдалануға бе­­р­ілген. Соның ішінде ел игі­лі­гі­не табысталған тұрғын үйдің ау­даны 6,6% артып, 7 миллион 933,4 мың шар­шы метрді құрады, – деді статбюро мамандары. Биылғы бі­­­­рін­ші жартыжылдықта елде 122 929 оқушыға арналған 111 мек­теп, 2 839 орынға арналған 17 ба­­­­ла­­бақша, 1 аурухана және бір ауы­сымда 1 205 келіп-кетушіге қыз­мет көрсете алатын 30 амбу­ла­тория мен емхана іске қосыл­ған. Осының бәрінде – құрылыс­шы­лардың қолтаңбасы бар. 

Инвестиция құрылысқа арқа сүйейді

Бұл – тек басы ғана. Осы абы­рой­лы мамандық иелері өз ал­ды­на бұдан да биік міндеттер қойып отыр. Премьер-Министрдің бі­рін­ші орынбасары Роман Ск­ляр­дың айтуынша, биыл құры­лыс­шы­ларды жаппай жұмылдыра оты­рып, өнеркәсіп, энергетика жә­не көлік салаларында жалпы құ­ны шамамен 1,5 триллион тең­ге болатын 190 жобаны іске қосу жос­парланған. Бүгінде оның 196 млрд теңге тұратын 47 жобасы іске қосылып, 3 мыңнан астам жұ­мыс орны құрылды. 

Ал Инвестициялық штаб ая­сын­да жыл басынан республика бойынша жалпы құны шамамен 60 млрд долларды құрайтын 71 ин­вестжоба қаралды. Жобаларды сүйемелдеу Ұлттық цифрлық ин­вес­тициялық платформа арқылы жүзе­ге асырылады. Платформада жалпы сомасы 77 триллион тең­ге­ден асатын 1 106 жоба тір­кел­ген. Олай болса, құрылысшы жұ­­мыс­сыз қалмайды, сұраныс тек өсе бе­реді. Вице-премьер биыл тұр­ғын үй құрылысында ел тари­хын­да бұрын-соңды болмаған ре­корд­тық көрсеткіш орнайтынын мә­лімдеді. 2025 жылы 19,2 мил­лион шаршы метр тұрғын үй пай­далануға беріледі деп жос­парланған.

– Президенттің халықты қол­же­тімді баспанамен қамту тап­сыр­масын жүзеге асыру аясында биыл тұрғын үй құрылысында ре­кордтық 19,2 млн шаршы метр бас­пана қолданысқа берілмек! Ал­ғашқы 6 айда оның 7,9 млн шар­­шы метрі іске қосылды, – де­ді Р.Скляр.

Ол Мемлекет басшысы қой­ған міндет аясында көлік инф­ра­құрылымын дамыту бағытында кең ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанына тоқталды. Бірқатар ірі те­міржол жобасы қолға алынды. Мә­селен, құрылысшылар «Дос­тық–Мойынты» және «Алматы қа­ласының айналма жолы» жо­ба­ларын аяқтауға таяды. Олар «Мойынты–Қызылжар», «Дар­база–Мақтаарал» жобаларын ке­лесі жылы аяқтауға міндеттелді. 2027 жылы «Бақты – Аягөз» те­мір­жол жобасы ел игілігіне тап­сырылуға тиіс.

– Әуехабтарын дамыту, жүк та­сымалы көлемін арттыру мақ­сатын­да әуежай инфрақұрылымы жаң­ғыртылып жатыр. Құры­лыс­шылар Зайсан, Қатонқарағай жә­не Кендірлі курорттық айм­ақ­та­рында әуежай салуды бастады. Автокөлік жолының құрылысы да өрістеді. Онда 12 мың шақы­рым жол құрылыс және жөндеу жұ­мыстарымен қамтылған. Со­ның 7 мың шақырымын жыл соңына дейін аяқтау жоспар­ла­нып отыр, – деді Үкімет бас­шы­сы­ның бірінші орынбасары Р.Скляр.

Ал құрылысшылар өз алдына қойылған биік міндеттердің үде­сіне шыға алуы үшін жапсарлас са­лалар оларды қажетті өніммен қам­тамасыз ету ауқымын арт­тыр­ды. Өнеркәсіп және құрылыс ми­­нистрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы 6 айында құ­рылыс материалдарының өн­дірісінде де серпінді өсім бай­қа­ла­ды. Атап айтқанда, цемент өн­дірісі – 21,8%-ға, құрылысқа ар­налған бетон бұйымдарын шы­ғару – 13,1%-ға, бетоннан жасал­ған құрама құрылыс конструк­ция­лары – 13,1%-ға, құрылыс ер­і­тін­ділері – 8,5%-ға, плитка-тақ­талар, кірпіштер және ұқсас бұйым­дар шығарылымы 7,5%-ға өсті. 

QazIndustry Қазақстандық ин­дустрия және экспорт орталы­ғының мәліметінше, жыл басы­нан жалпы құны 25,6 миллиард тең­ге тұратын, құрылыс мате­риал­дарын өндіруге бағытталған 11 жоба іске қосылып, 562 тұ­рақ­ты жұмыс орны құрылды. Жыл соңына дейін шамамен 62 мил­лиард теңге көлемінде инвести­ция тартып, 1,5 мыңға жуық жұ­мыс орнын ашатын тағы 32 жоба тә­мамдалуға тиіс. Мұның сыр­тын­да 2026–2028 жылдары іске қо­сылатын тағы 58 жоба жүзеге асыру сатысында тұрған көрінеді. Бұл да елдегі құрылысқа тың сер­пін бермек.

Өсем деген өренге саты ұсынды

Өзегіне құт тұнған, бой көтер­ген жеріне ырыс-береке құятын құрылыс саласы жаңа деңгейге шығып жатыр. Тікелей Мемлекет бас­шысының тапсырмасымен жаңа Құрылыс кодексінің жо­ба­сы әзірленді. Өнеркәсіп және құ­рылыс министрлігінің хабар­лауын­ша, онда мысалы, заманауи құры­лыстың жер сілкінісіне, та­би­ғи апаттарға төзімділігін кү­шей­туге де басымдық беріледі. Өйт­кені әлемде климаттық дағда­рыс ушыққан. 

«Кодекстегі түзетулер сейс­ми­калық микроаймақтандыру де­ректерін, сондай-ақ елді ме­кен­­дердің бас жоспарлары мен ег­жей-тегжейлі жоспарлау жо­ба­ларын әзірлеу кезінде сел және көш­кін қаупі бар учаскелерді көр­­­­сететін карталарды міндетті түр­де есепке алуды көздейді. Бұл зіл­заладан, табиғи апаттардан бо­латын залалды азайтуға бағыт­тал­ған оңтайлы қала құрылысы ше­шімдерін қабылдауға ықпал ете­ді және орнықты даму мен қауіпсіздік қағидаттарына сәйкес ке­леді», – деді министрлік ма­ман­дары.

Сектордың тағы бір белесі – рес­публиканың құрылыс саласы жап­пай цифрландыру кезеңіне қа­дам басты. Бүгінде ғимарат, құ­рылыс пен инженерлік ком­му­никацияны цифрландыру деңгейі 93%-ға жетті. «Мемлекеттік қала құ­рылысы кадастрының бірың­ғай автоматтандырылған ақпа­рат­тық жүйесін» қалыптастыру ая­сында инженерлік, әлеуметтік инфра­құрылым нысандарын цифр­­­­ландыру жұмыстары қар­қын алды. 2025 жылы тұрғын са­ны 5 мыңнан асатын елді ме­кен­дердің инженерлік желілерін цифрландыру басталды.

Бұл не береді? Құрылыс ми­нистрлігі мамандарының түсін­ді­руінше, біріншіден, осы аумақ­тар­дағы жерасты және жерүсті ком­муникацияларына түгендеу жүргізіледі, екіншіден, олардың нақты кеңістіктік орналасуы жә­не негізгі техникалық сипатта­ма­лары дәл айқындалады. Үшін­ші­ден, соның негізінде әрбір қала мен ауылдың цифрлық кадастр­лық картасы түзіледі. Бұл карта оларды жүйелі дамытуға, құры­лы­сын бақылауға, нысандарды пайдалануға үйлесімді көзқарас қалыптастыруға негіз болады.

Архитектура, қала құрылысы жә­не құрылыс саласындағы уә­кі­летті органдар қала құрылысы ка­дастрының геопорталы арқылы ин­женерлік инфрақұрылымға қа­тысты цифрлық деректерге қол жет­кізе алады. Бұл шешімдер қа­был­дау үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін арттырады.

Цифрлық трансформация сон­дай-ақ ғимараттарды ақпарат­тық модельдеу (BIM) технология­ла­рын енгізуге жол ашты және жас­тар үшін жаңа мүмкіндіктер ұсы­нады. BIM әрбір құрылыс объек­тісінің дәлдігі мен егжей-тег­жейі жоғары цифрлық модель­дерін құруға мүмкіндік береді. Бұл түрлі тәуекелді азайтуға, мер­­зімдерді оңтайландыруға жә­не жобаларды іске асыру сапасын арт­тыруға ықпал етеді. 

Ірі қалаларымызда құрылыс ком­паниялары мен жетекші жо­ба­лау ұйымдары қазірдің өзінде BIM-ді іс жүзінде қолданып, оң нәтижеге жетті. Осы арқылы жас ма­мандар технологиялық салада жаңа мансапты бастаудың бірегей мүмкіндігі мен жаңа перспек­ти­васын иеленді. BIM тек инженер­лер үшін ғана емес, сонымен қа­тар IT саласындағы мамандар үшін де құрылысқа есік ашты: са­лада BIM-модельер, BIM-үй­лестіруші, BIM-менеджер, өзге ма­мандықтар сұранысқа ие. Құ­рылыс деген тек қара жұмысшы емес.

Құрылыс саласын цифрлан­дыру мәселелеріне тікелей Пре­зи­денттің назар аударуы транс­фор­­­мациялаудың маңызын көр­­­­­сетеді. Қазақстанда құры­лыс­тағы цифрлық өзгерістер үшін қолайлы орта қалыптасып жатыр жә­не ол саланың болашағына өз үле­сін қосып, кірпіш болып қала­на­мын деген мамандардың жаңа тол­қынына жаңа «әлеуметтік лифт» ұсынды. 

Айхан ШӘРІП