8 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп жазды Aikyn.kz.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады. Найзағай ойнап, бұршақ түседі, жел болады.
Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі бар. Атырау қаласында күндіз 36-38 градус аптап ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл болады. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі бар. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, ортасында жоғары өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі бар. Жезқазғанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық. Жоғары өрт қаупі бар.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда кей уақыттарда найзағай жарқылдайды.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертен облыстыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Астанада найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Өскеменде күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-18 м/с. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық болады. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, дауыл болады. Найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с Павлодарда түнде нөсер жаңбыр, дауыл болады. Найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз найзағай ойнайды.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с. Петропавлда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.