Қазақстанда Абай есімді қанша адам бар?

Биыл ұлт руханиятының шамшырағы хакім Абайдың туғанына – 180 жыл.

Қазақстанда ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы үлкен масштабта аталып өтіп жатыр. Осыған орай, оның есімімен байланысты Ұлттық статистика бюросының қызықты статистикалық деректерін Aikyn.kz жариялайды.

Елімізде Абай есімді 18 763 адам тұрады. Бұл есім иелерінің басым бөлігі Астана қаласы (2 089 адам), Түркістан облысы (2 018) және Алматы қаласында (1 719).

Абай есімді ең егде тұрғын 1932 жылы дүниеге келген. Бұл есім ең көп таралған жас тобы – 30-34 жас аралығындағылар, олардың саны – 3 228 адам. Биылғы бірінші жарты жылда туған 157 нәрестеге Абай есімі берілген.

Бұл есім қыз балаларға да қойылған, Қазақстанда Абай есімді 10 әйел тіркелген. Ибраһим (Ибрагим, Ибрахим) есімді азаматтардың саны елімізде 35 404 адам.

Елімізде 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауылға ұлы тұлға есімі берілген екен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.