Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды

Президент «Аваза» спорт кешеніне Біріккен Ұлттар Ұйымының конференциясына қатысуға келді.

Мемлекет басшысы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясы өтетін «Аваза» спорт кешеніне барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.

Делегация басшылары бірге суретке түсті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.