Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон әлеуметтік желіде хабарлады.
Франция Газаға әуеден гуманитарлық көмек тастады
Фото: Mahmoud Issa/Anadolu Agency/IMAGO
1,473
оқылды

Франция Газа секторына әуеден 40 тонна гуманитарлық жүк жөнелтті. Эммануэль Макрон көмекті әуеден тастау жеткіліксіз екенін айтып, Израильден гуманитарлық көмекті жеткізуге жағдай жасауды талап етті.

Бұған дейін де Иордания, Біріккен Араб Әмірліктері және Испания сияқты мемлекеттер де палестиналықтарға гуманитарлық көмек жіберген болатын.

Ал Израиль халықаралық қысымнан кейін Газаның үш ауданында күн сайын 10 сағаттық гуманитарлық үзіліс жасауға келісті. Дегенмен, көмектің нақты қалай таратылатыны әзірге белгісіз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.