Әлеуметтік желіде белгілі актер, Шаншар театрының директоры Уәлибек Әбдірайымовтың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.
«Тірімін бе, өлімін бе?». Уәлибек Әбдірайымов өзінің «өліміне» қатысты пікір білдірді
Фото: интернеттен алынды
2,521
оқылды

Актер бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz bairaqmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратта Уәлибек Әбдірайымовтың "жол апатына" ұшырағаны жайлы айтылған.

«Қазақ өнері қара жамылды. Белгілі актер, Шаншар театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов көлік апатынан қайтыс болды, – деп хабарлайды Шымкент облыстық театры баспасөз хатшысы Ғалия Өсербаева. Қаралы хабарды шәкірті Ғалымжан Қалыбаев өзінің Инстаграм парақшасына салып Уәлибек Әбдірайымов ақ көңілді кісі еді деп жазды», – делінген желіде тараған ақпаратта. 

Ал актер өзінің "өліміне" қатысты пікір білдірді.

«Мен Батыс Еуропада жүрсем, біреу мені өлтіріп қойыпты. Мен өзіме жаназаны, жетісін айтпағанына өкпеледім. Солай қазір шулап жатыр екен. Қазір шетелге келдім. Кеше Германияда болғанмын. Өзім қорқып кеттім, тірімін ба, әлде өлімін ба деп», – дейді актер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.