Ұлттық статистика бюросы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда қанша адам тұрғанын хабарлады, - деп хабарлайды Аikyn.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан халқының саны 20 387 811 адамға жеткен. Бір ай ішінде халық саны 17,1 мыңнан астам адамға артқан. 1 маусымда елде 20 370 672 адам тұрған.
Халық саны ең көп өңірлер:
Алматы – 2 319 893 адам;
Түркістан облысы – 2 150 228 адам;
Алматы облысы – 1 578 089 адам;
Астана – 1 576 337 адам.
Халқы миллионнан асатын өңірлер:
Шымкент – 1 277 743 адам;
Жамбыл облысы – 1 220 041 адам;
Қарағанды облысы – 1 132 697 адам.
Халық ең аз қоныстанған өңірлер:
Ұлытау облысы – 220 266 адам;
Солтүстік Қазақстан облысы – 518 049 адам;
Абай облысы – 599 449 адам.
Сондай-ақ Қазақстан тұрғындарының көпшілігі қалада тұрады – 12 899 438 адам. Ауылдық жерде 7 488 373 адам өмір сүреді.