Астана, Алматы, Шымкентте 30 шілде - 1 тамыз аралығында ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжамы бойынша, 30 және 31 шілдеде және 1 тамызда Алматы мен Астанада жаңбыр жауады. Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз болады.

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның үш ірі қаласындағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Аikyn.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, 30 және 31 шілдеде және 1 тамызда Алматы мен Астанада жаңбыр жауады. Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Астанада 30 шілдеде аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі. Күндіз соққан желдің екпіні секундына 20 метрге дейін көтеріледі. Ауа температурасы түнде: +14...+16°C, күндіз: +22...+24°C.

31 шілдеде аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады. Түнде және таңертең тұман болады. Соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +12...+14°C, күндіз: +22...+24°C., күндіз: +20...+22°C.

1 тамызда аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман болады. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°C, күндіз: +20...+22°C.

Алматыда 30 шілдеде аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Соққан желдің екпіні - 18 м/с. Ауа температурасы түнде: +19...+21°C, күндіз: +30...+32°C.

31 шілдеде аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +20...+22°C, күндіз: +29...+31°C.

1 тамызда аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +20...+22°C, күндіз: +31...+33°C.

Шымкентте 30 шілдеде аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Күндіз соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +18...+20°C, күндіз: +34...+36°C.

31 шілдеде аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Күндіз соққан желдің екпіні 13 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: +19...+21°C, күндіз: +33...+35°C.

1 тамызда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Күндіз соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +19...+21°C, күндіз: +33...+35°C.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.