«AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағ­дар­ламасын жүзеге асыру Батыс Қазақстан об­лысында жүйелі түрде жалғасып келеді. Жол картасы аясында Ақжайық ауданына қарасты Базаршолан ауылында жаңа фельд­шерлік-акушерлік пункт (ФАП) салтанатты түрде пайдалануға берілді.
Медициналық нысан іске қосылды
5,020
оқылды

Жаңа медициналық ныс­ан­­ның ашылу рәсіміне Батыс Қа­зақ­стан облыстық денсау­лық сақ­тау басқармасы бас­шы­сының орынбасары Асыл­бек Қаналиев, Ақ­жайық аудан­ының әкімі Мұ­рат Сер­далин, облыстық мә­с­ли­хат депутаты Ақылбек Сағитов, облыстық «AMANAT» пар­тия­сы Ақ­жайық аудандық фи­лиалы­ның төрағасы Артур Ермұқанов және медицина ардагерлері, ме­кеме басшы­лары мен ауыл тұрғындары қатысты.

«Партиямыздың «Халық­пен бірге» сайлауалды бағдар­ла­ма­сының нақты орындал­уы – осын­дай игі істерден көрі­ніс табуда. Бүгінгі фельд­шерлік-акушерлік пункттің ашылуы – ауыл тұрғындары­ның денсаулы­ғын қорғауға бағытталған маң­ыз­ды қадам. Бұл – елді мекен­дердегі меди­ци­налық қызметтің сапасын жақсартуға партияның нақты үлесі», – деді.

Жаңа нысан заман талабы­на сай жабдықталған: мұнда қа­был­дау бөлмесі, күндізгі ем қа­­былдау бөлмесі, емдеу бөл­месі, вакци­нация кабинеті, тубер­кулезге қарсы кабинет, жеке аку­шер кабинеті және физио­терапия кабинеті қарас­тырыл­ған.

Ауыл тұрғындарына ал­ғаш­­қы медициналық-сани­тар­лық көмекті сапалы әрі қол­жетімді түрде көрсетуге мүм­кіндік бере­тін бұл ны­сан – өңірдегі әлеу­мет­тік ин­фра­құрылымды жаң­ғырту жолындағы маңызды бас­­та­малардың бірі.