Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев 5,5 мың жас жаңа үй алғанын айтты.
«Наурыз» және «Отау» тұрғын үй бағдарламаларына бюджеттен қанша миллиард бөлінді?
Фото: iStock
631
оқылды

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Наурыз» және «Отау» тұрғын үй бағдарламаларына бюджеттен 220 млрд теңге бөлінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Үкімет үйінде Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша өткен баспасөз конференциясында Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев 5,5 мың жас жаңа үй алғанын атап өтті.

«Сондай-ақ жастарды қолдау мақсатында да кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Оның ішінде негізгі мәселе – жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету. “Наурыз” және “Отау” тұрғын үй бағдарламаларына бюджеттен 220 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 5,5 мың жас жаңа үй алды», – деді Ермек Көшербаев. 

Сонымен қатар Премьер-Министрдің орынбасары биыл жұмысшы жастарды демеу үшін «Наурыз жұмыскер» банк өнімі іске қосылғанын атап өтті. Облыстарда жас мамандарға арналған өңірлік ипотекалық бағдарламалар жастарға үлкен мүмкіндік беруде. Үкімет бұл жұмыстарды әрі қарай жүйелі түрде жалғастыратын болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.