Ақтөбе облысында «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» жобасы өз нәтижесін көрсетуде. Мәртөк ауданына қарасты Сарыжар ауылында орналасқан «Нива» шаруа қожалығының иесі Сабыржан Көшібаев мемлекет меншігіне қайтарылған 320 гектар жерді тиімді игеріп, ауыл шаруашылығын дамытып отыр.
320 гектар жер игерілді
9,073
оқылды

Шаруашылық иесінің айтуынша, соңғы екі жылда ол Ақтөбе–Орынбор халықаралық күре жолының бойындағы аумақта ауыл шаруашылығымен ай­налысып келеді. 

«Қайтарылған жерлерді толық иге­ріп жатырмыз. 10-15 гектарға қыза­нақ, қияр, қауын, қарбыз сияқты көкөністер егеміз. Өнімді ауыл тұрғындарына көтерме бағамен ұсынамыз. 35 гектар ал­қапта суармалы шөп өсіреміз. Соны­мен қатар жылқы ұстап, қымыз өндіру ісін де жолға қойдық», – деді шаруа­шы­лық иесі.

«AMANAT» партиясының «Жер ама­наты» жобасы – игерілмей жатқан немесе заңсыз пайдаланылған ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтаруға бағытталған арнайы бастама. Жобаны партия 2022 жылы іске қосты. Оның негізгі мақсаты – аграрлық саланы дамыту және әділ жер қатынас­тарын қалыптастыру. 

Бүгінде қайтарылған жерлердің есебінен көптеген шаруалар жаңа мүмкіндіктерге ие болып, өндіріс көлемін ұлғайтып, жергілікті нарықты сапалы ауыл шаруа­шы­лығы өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.