Қазір алаяқтар медициналық ұйымдардың атынан хабарласып, скринингтен өтуге “шақырып” жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Еуразия бірінші арнасының ақпаратына сәйкес.
Олар тұрғындарға қоңырау шалып, телефонға келген СМС-кодты айтуын сұрайды. Осылайша, скринингке жазылғанын “растау қажет” деген желеумен жеке деректерге қол жеткізуді көздейді.
Денсаулық сақтау ұйымдары СМС-код арқылы ешқандай тексеруді немесе жазбаны растауды талап етпейді. Мұндай кодтар тек цифрлық қызметтерге кіру немесе қаржылық операцияларды растау үшін ғана қолданылады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.