Қала әкімдігі кептеліс болмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау қажет екенін ескертті.
Астанада жөндеу жұмысына байланысты бірнеше көше жабылды
Фото: gov.kz
502
оқылды

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сығанақ көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Жөндеу жұмысына байланысты мына көшелер 25 шілдеге дейін жабық болады әрі қозғалыс толығымен шектеледі:
- Қабанбай батыр даңғылынан Қазақ радиосына дейін;
- Қазақ радиосынан Сауран көшесіне дейін.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген ресми хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.