«Бағанашыл» балалар үйі көшірілмейді

Бұл мәселеге қатысты Президент Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға тапсырма берді.

«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді.

Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады, – делінген Ақорданың мәлімдемесінде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.