Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасымен одақтастық қатынастарды тереңдету туралы шартты ратификациялады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ақорда Президенттің Қырғыз Республикасымен одақтастық қатынастарды тереңдету туралы шартты ратификациялағанын мәлімдеді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады, – делінген ресми ақпаратта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.