Ұшатын аппараттар өзен жағасы мен қоғамдық орындарды патрульдейді.
Павлодарда полиция қоғамдық тәртіпті дронмен қадағалайды
Фото: lada.kz
482
оқылды

Павлодарлық полицейлер қоғамдық тәртіпті дронмен қадағалайды,  - деп хабарлайды Аikyn.kz .

Ұшатын аппараттар өзен жағасы мен қоғамдық орындарды патрульдейді. Әуеден бақылап, қылмыстың алдын алады. Сонымен қатар патрульдік топтар жағажай бойында квадроциклмен қозғалады. Бұл техника жедел әрекет ету уақытын қысқартып, төтенше жағдайда жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

«Дрон мен квадроциклдерді орталық және «Усолка» жағажайын патрульдеу үшін күнделікті қолданамыз. Сол арқылы қоғамдық орындарда ұсақ құқықбұзушылықтан бастап ішімдік пайдалану, ұрлық-қарлық сияқты деректерді анықтаймыз. Нәтижесі жаман емес. Осы күнге дейін дрондар көмегімен 200-ге жуық құқықбұзушылық назардан тыс қалған жоқ», - деді қалалық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Абылайхан Алпысбай.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.