Алматыда үй жануарларын тегін чиптеу бағдарламасы басталды

Бұл шара үй жануарын есепке алу және қауіпсіздігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

2025 жылы 15 шілдеден желтоқсанға дейін Алматыда ит пен мысықты тегін чиптеу қолға алынды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына сілтеме жасап.

Бағдарлама аясында шамамен 15 мыңға жуық жануарды тегін чиптеу жоспарланған. Қызмет қаланың барлық тұрғынына қолжетімді.

Чиптеуді алдын ала WhatsApp арқылы жазылып, келесі ветеринарлық клиникада жасауға болады:
1. Mastino – Есенберлин көшесі, 217, тел.: 8 707 327 44 88
2. Allvet – Төле би көшесі, 279Б, тел.: 8 747 438 38 87
3. Taugul Vet Boutique – Таугүл-1 шағынауданы, 47-үй, тел.: 8 707 541 30 38
4. «Айболит» – Абай даңғылы, 26 (ҚазҰАУ аумағы), тел.: 8 708 972 02 07
5. Dog Premium – Зимняя көшесі, 1Б, тел.: 8 707 277 56 19
6. Dog Premium – Грибоедов көшесі, 105, тел.: 8 707 339 33 28
7. Vet Elite – Кудерин көшесі, 6/2, тел.: 8 778 241 89 82
8. Banzai – Сейдімбек көшесі, 26А, тел.: 8 707 327 01 01.

Айта кетейік, бұл бағдарлама үй жануарларының санын реттеу және оларды күтіп-ұстауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру шараларының аясында жүзеге асырылып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.