Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов әкесі жайлы сұраққа жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
«Ол кісі үйде болмайды көбіне. Тек ұйықтауға келеді. Былай қарасаң, «квартирант» сияқты ғой. Түсте тұрады да, кетіп қалады. Қатты ұялып жүрген жоқ, баяғыдай жүр. Ал өзіме келсек, үйленген ұнады. Үйіңде тамағың, бәрі дайын. Стилімді өзгертіп жатырмын», – дейді Олжас Еспанов «Жарқыраған жұлдыз» бағдарламасында.
Ал әнші Нұрлан Еспанов отбасындағы қуаныш туралы айтып, келіні көпшіл адам екенін жеткізді.
«Қайын ата болғаннан кейін ұялуын ұяласың ғой. Келін өте жақсы. Біз көпшіл адамбыз. Біздің үйде адам көп пе, аз ба білінбейді. Тойды өткізіп алдық. Құдалықты күттік. Адам ешкімге ренжімей, көңілді жүруі керек», – дейді әнші.
Айта кетейік, Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов жақында үйленген болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.