Ауыл шаруашылығы саласына қатысты Президент тапсырмасына орай Үкімет мамандандырылған аграрлық азық-түлік маркетплейсін құруды қарастырады.
Президенттің ауыл шаруашылығы экспортын ұлғайту жөніндегі тапсырмасы қалай орындалуда?
Фото: primeminister.kz
510
оқылды

Үкімет отырысында Премьер-Министр ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеткілікті әрі сапалы қорын қалыптастыру үшін тиімді логистиканы қамтамасыз етіп, өнімді сақтау және сату тетіктерін әзірлеу міндетін қойды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Сауда саласын дамытуды қолдау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдарға арнайы аграрлық азық-түлік маркетплейсін құру бойынша ұсыныстар беру тапсырылды.

«Цифрлық инфрақұрылымды қалыптастыру сауда саласының одан әрі дамуына оң серпін беруге тиіс. Бұл ішкі сауда көлемін кеңейтіп қана қоймай, отандық өнімнің сыртқы нарықтарға шығуын да қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.