15 шілдеде қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай ойнап, облыстың батысында, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 15 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 15 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан оңтүстік батысқа ойыса жел соғады, облыстың солтүстігіндегі екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 15 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Атырау облысының солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 15 шілдеде күндіз найзағай ойнайды. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады.
Күндіз Абай облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 15 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 15 шілдеде найзағай ойнап, күн райы бұзылады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус, облыстың батысында, оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 15 шілдеде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады. Күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желің екпіні - 18 м/с.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Павлодарда 15 шілдеде таңертең және күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады.
Күндіз Маңғыстау облысында 38-42 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 15 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 15 шілдеде күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Күндіз облыстың шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 15 шілдеде күндіз найзағай ойнайды.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Талдықорғанда 15-18 шілдеде күндіз 35-39 градус қатты ыстық болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 15 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада 15 шілдеде күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады.
Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Алматыда 16-18 шілдеде күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта 15-18 шілдеде күндіз 35-39 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 15 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда да төтенше өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.