Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде көрнекті қазақстандық дипломат, БҰҰ жанындағы ҚР тұңғыш Тұрақты өкілі Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекованың «Қазақстан дипломатиясының қыр-сыры» атты кітабының тұсаукесері өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар 10 шілдеде бұл кітаптың тұсаукесері Алматы қаласында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың қатысуымен «Достық үйінде» өтті.
Автор кітапта халық дипломатиясының рөліне және егемен мемлекеттің сыртқы саясатының қалыптасуына ерекше назар аударған.
Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдігінің басшысы Жәнібек Әбдрашов бұл еңбектің қазақстандық дипломатияның қалыптасуын айғақтайтын бірегей туынды әрі тарихи жадыны сақтау ісіне қосылған маңызды үлес екенін айтты.
Тұсаукесерге қатысушылар бұл кітаптың халықаралық мәдени байланыстарды дамыту және тәжірибені жаңа буынға жеткізу ісіндегі маңызын атап өтті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.