Руслан Желдібай қосымша қызметке тағайындалды

Руслан Желдібай қосымша қызметке тағайындалды
Дзюдо федерациясына қосымша қоғамдық қызметке тағайындалған Руслан Желдібай дзюдоны кеңінен дамыту үшін арнайы академия, ал аймақтарда орталықтар қажет болып тұр деген пікір білдірді.

Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру бойынша комиссиясының директоры қызметіне тағайындалды.  Бұл ақпаратпен Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өз парақшасында бөлісті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.
 
AMP
Бұл – қосымша қоғамдық қызмет. Сенім білдірген IJF басшылығына, Мариус Визер мырзаға алғыс білдіремін. Еліміздің халықаралық спорт ұйымдарында өкілдерінің болуы – өте маңызды. Бұл қадам арқылы еліміздің беделін нығайтумен қатар, тәжірибе де алмасамыз. Дзюдоны елімізде дамыту бағытында біраз жұмыс атқарылып жатыр. Әлі де мәселе жетерлік. Дзюдоны кеңінен дамыту үшін арнайы академия, ал аймақтарда орталықтар қажет болып тұр. Халықаралық ынтымақтастықты да арттырамыз. Осы іске барынша өз үлесімді қосамын, – делінген ақпаратта.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.