Шарын шатқалында турист жарға құлап кетті

Достары құтқарушыларға хабарласқан екен.

Алматы облысындағы Шарын шатқалында турист терең жарға құлап, өздігінен шыға алмай қалған, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Оқиға орнына жақын маңда кезекшілік атқарып жүрген Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) механикаландырылған құтқару жасағына жәбірленушінің достары хабарласқан

1989 жылы туған ер адамды құтқарушылар сәтті шығарып, қауіпсіз жерге жеткізді. Ер адам медициналық көмекті қажет етпеді.