Президент құттықтау жеделхатында Моңғолия халқының береке-бірлігі арта беруіне тілектестік білдірген.
Мемлекет басшысы Моңғолия президентін Наадам мерекесімен құттықтады
Фото: Ақорда
511
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухті Наадам мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптейтін тарихы терең бұл мейрамда Моңғолия халқының береке-бірлігі арта беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ достас екі ел арасында қалыптасқан өзара құрмет пен стратегиялық серіктестік ортақ игілік үшін одан әрі беки түсетініне кәміл сенетінін жеткізді, делінген хабарламада. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.