Күн санап көркейіп, жаңарған кейіпке енген Қызылордада заманауи үлгідегі зәулім ғимараттар қатары артып келеді.
Жаңа стадион барлық талапқа сай
818
оқылды

Соның бірі де, бірегейі қаланың сол жағалауынан бой түзеген жаңа стадионның құрылысы аяқталуға таяу. Парламент Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов,  Мұрат Әбенов және Мұрат Ергешбаев аталмыш нысанда болып,  құрылыс жұмыстарының жай-жапсарын көзбен көрді. 

Дарияның сол жағалауынан сап тү­зе­ген сәулетті нысандар қатарында жа­ңа стадионның құрылысы ерекше сипатқа ие. Жергілікті спорт жанкүйерлерінің көп жылғы арманы биыл ақиқатқа ай­налға­лы тұр.  

Негізінен, аталмыш құрылыс нысаны Мемлекет басшысының өңірлердегі спорттық инфрақұрылымдарды дамыту тапсырмасы негізінде аймақ басшысының қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Сол жағалаудағы құны 20.9 млрд теңгені құ­райтын кешен 11 мың орынға негізделген. 

Қазір стадион құрылысының 75 па­йы­­­зы аяқталып тұр. Нақты уақытта құры­лыс нысанының батыс және шығыс трибуна­ларына металл конструкция­ла­ры орнатылып, қабырғалары, ішкі бөлме­лер мен сыртқы витраждар қаланған. Сон­дай-ақ футбол алаңын жабдықтау, ішкі әрлеу, аумақты абаттандыру және сыртқы аумаққа тас төсеуіш орнату, ғимаратқа электр желілерін тарту жұмыстары жүр­гізіліп жатыр. 

Өңір халқының сұранысына сай салынып жатқан жаңа стадионда жасыл алаңнан бөлек, бокс, күрес, ауыр атлетика, фут­болшылардың жаттығу залдарымен қатар, йога, гимнастика-акробатика, сауықтыру-денешынықтыру залдары жұмыс істейін болады. Стадион – УЕФА классификациясы бойынша ІІІ санатты. Халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді.

Жалпы UEFA талаптарына сай салынып жатқан жаңа стадионның құрылыс қарқыны жоғары. Стадион ғимараты маңында 238 орындық автотұрақ алаңы, 40 орындық VIP автотұрақ,  автобусқа арналған 4 автотұрақ орналаспақ. Жаңа стадион футболшылар үшін ғана емес, қала тұр­ғындары үшін де тиімді болмақ.

«Стадионда кәсіби футболшылармен қатар, спортпен шұғылдануға ниетті адам­дардың шыңдалуына барлық мүмкіндік қарастырылады.  Сол мақсатта бұл жерден бокс, күрес, спорттық гимнастика, ауыр атлетика, таеквондо және фитнес залдары ашылады. Осы залдарда жас спортшы­ларымыз шынығып, дүбірлі додаларда топ жаратынына сенім зор», – дейді облыстық Денешынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев.

Жалпы UEFA талаптарына сай салынып жатқан жаңа стадионның құрылыс қарқыны жоғары. Стадион ғимараты маңында 238 орындық автотұрақ алаңы, 40 орындық VIP автотұрақ, автобусқа арналған 4 автотұрақ орналаспақ. Жаңа стадион фут­болшылар үшін ғана емес, қала тұрғындары үшін де тиімді болмақ.

Өз кезегінде, «Қайсар» футбол клубының қақпашысы Нұрым Салайдин  легионерсіз ойнау аса қиындық туғызбайтынын жеткізді. Алайда  ұйымдастыру кезінде көптеген қиындық туындайтынын алға тартты.  

Халық қалаулылары аталмыш мәселені парламенттік деңгейде жеткізетінін айтып, ел футболының дамуы жолында тиімді жолдары қарастырылатынын мәлімдеді. 

 

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы