Президент елордадағы үшінші ЖЭО-ның алғашқы кезегінің қызметімен танысты

Президент елордадағы үшінші ЖЭО-ның алғашқы кезегінің қызметімен танысты
Бұл 2035 жылға дейін жоспарланған қосымша жылу энергиясын алуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Астанадағы үшінші ЖЭО-ның алғашқы кезегінің қызметі таныстырылып, екінші кезегі аясында бу-газ қондырғысын орнату жоспары көрсетілді, деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Президентке қаланың энергетикалық инфрақұрылымының даму барысы туралы есеп берді.

AMP

Оның айтуынша, бүгінде үшінші ЖЭО-ның алғашқы кезегін, қосымша қуаты сағатына 1 100 Гкал болатын «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу стансаларын пайдалануға беру арқылы шаһардың жылыту қуаты 30 пайызға ұлғайған.

"Биыл «Тұран» стансасының екінші кезегін толығымен аяқтау, сондай-ақ «Телман» стансасы мен екінші ЖЭО-ны кеңейту және «Оңтүстік-Батыс» газ жылу стансасын жобалау көзделіп отыр. Бұл жобалардың барлығын жүзеге асыру 2035 жылға дейін жоспарланған қосымша жылу энергиясын алуға мүмкіндік береді, делінген Ақорда хабарламасында.

AMP

Сонымен қатар Мемлекет басшысына үшінші ЖЭО-ның табиғи газбен жұмыс істеп, ең жоғары қуаты сағатына 440 Гкал өндіруге жететіні жөнінде баяндалды. Бұл жылу энергиясы шаһардың оңтүстік-батыс бөлігінің сұранысын өтейді. Қазір үшінші ЖЭО-ның алғашқы кезегін қосымша отын қорымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Президент Астананың энергетикалық инфрақұрылымын одан әрі дамытудың маңызына назар аударды.